Италия өнерпаздары Шымкенттің сахнасында өнер көрсетті

235
Мауро Маур Оңтүстік өнерпаздарына тәнті болғанын айтты

Қазақстандағы Италия елінің мәдениет жылын тойлау жалғасып жатыр. Айтулы датаның құрметіне орай өңірімізде есімі әлемге әйгілі өнерпаздар – кернейші Мауро Маур және фортепианоның хас шебері Франсуаз де Клоссенiң шығармашылық кеші өтті.

«Италия кинемотографиясының ұлы музыкасы» атты шараға келген жерлестеріміздің де қарасы қалың. Олар сахнадан өздері көптен күткен өнер иелері мен олардың саз әлеміне сапар шектіретін туындыларын тыңдап, тәнті болысты.

Мауро Маур Оңтүстік өнерпаздарына тәнті болғанын айтты
Мауро Маур Оңтүстік өнерпаздарына тәнті болғанын айтты

– Өнер – ұлт пен ұлысқа бөлінбейді, ортақ дүние. Мұны баршамыз да білеміз ғой. Бірақ, қазақстандық, оның ішінде шымкенттік өнерпаздарға таң қалып отырмын. Итальяндық күрделі туындыларды үлкен құрметпен, сауатты орындады. Менің ойымша, сазды әлемнің байланысы да – осы. Жүрекпен орындап, оны тыңдарманға ұсыну. Бұл қадам өнердің дамуына ғана емес, екі ел арасындағы құрмет-татулықты нығайтады, – деді Мауро Маур.

Франсуаз де Клоссе
Франсуаз де Клоссе

19

Бір қуантарлығы, халықаралық деңгейде өрбіген кеш жергілікті облыстық опера және балет театрының хор әртістері және бас дирижері Қуаныш Исмаиловтың жасағындағы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуміне өрбіді. Шараны ұйымдастырған облыстық мәдениет басқармасы басшылығының мәліметінше, кештің ерекшелігі де осы – өзара тәжірибе алмасу.

Айта өтетін ақпар, Мауро Маур 2008 жылы Италияның «Үздік музыканты» халықаралық мәртебесін, орденін еншілеген. Ал Франсуаз де Клоссе 2006 жылы «Фрау Анжелика» халықаралық сыйлығының иегері ретінде тыңдарманға тұщымды туындыларды тарту етіп келеді.