Кәсіпкерлер шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді бастайды

354
Асқар Әубәкіров

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік палатасы биылдан бастап шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді бастайды. Бұл туралы палата директоры Асқар Әубәкіров мәлімдеді. Айтуынша, облыста инвесторлардың басын қосатын бірде-бір алаң жоқ.

Асқар ӘубәкіровСондықтан палата жанына ашылатын орталық шетелдік бизнес өкілдерінің әкімшілік кедергілерін, түрлі түйткілдеріне шешуге көмектеседі. Айта кетейік, былтыр кәсіпкерлер палатасына құқығы аяқасты болған 300 іскер шағымданған. Нәтижесінде бизнес өкілдері 677 млн теңгені үнемдеді.