Көктемде жолақысы қымбаттауы мүмкін

182
Жолкіренің мәселесі қашан шешіледі?

Шымкентте екі айдан соң қоғамдық көлік тасымалының ақысы өсуі мүмкін. Бүгін белгілі болғандай, қала әкімінің ресми сайтында тарифті көтеру туралы қаулының жобасы жарияланды.

Жолкіренің мәселесі қашан шешіледі?

Соған сәйкес, енді 1 мамырдан бастап жол ақысы 20 теңгеге қымбаттап, 70 теңгені құрауы ықтимал. Ал соғыс ардагерлері, алтын және күміс алқа иегерлері мен мүгедектер үшін жол жүру ақысы тегін.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың соңында көлік компаниялары тариф құнын көтеруді сұранған болатын. Өйткені түрлі маркадағы автобустардың қосалқы бөлшектерінің бағасы екі есеге артқан дейді олар.