ОҚО әкімі Израиль елшісімен кездесті

146
Израиль елшісі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұлов пен Израильдің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі М.Бродскийдің кездесуі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Израиль елшісі

Басқосу барысында екі жақты ынтымақтастық орнату бойынша пікір алмасылып, агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ, жоғары технологиялар саласында әріптестік орнату мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірқатар салалар бойынша әріптестік орнатуға шақырды. Өз кезегінде елші өңірдің инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, екі жақты тиімді әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.