Оңтүстікте «Жасөспірім» рейді кезінде 200-ге жуық жеткіншек анықталды

582
Жасөспірімдер

Облыс аумағында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Рейдке облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Абылаев Балтабек басшылық етеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты -жасөспірімдер қылмысының алдын алу, ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатқызбау, түнгі мезгілде көңіл көтеру мекемелерінде ересек қамқоршысынсыз жүргізбеу. Сондай-ақ, жеткіншектердің құқықтық, оның ішінде терроризм актісі бойынша көрінеу жалған хабарлама туралы жауапкершілік сауаттылығын арттыру болып табылады.

Аталмыш іс-шараға 1000-нан астам полиция қызметкері, прокуратура, денсаулық сақтау, білім, ата-аналар комитеті мен «Нұр Отан» партиясының мамандары жұмылдырылды. Осы рейдтің бір тәулігінде полицейлер 233 жасөспірімді ішкі істер органдарына жеткізді. Оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 190 жасөспірім бар. Ал ата-анасының қадағалуынсыз жүрген 16 жеткіншек кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 185 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 31 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған қоса түнгі сағат 22.00-06.00 аралығында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол берген 6 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тарытылып, ойын-сауық орталығында болған 9 жасөспірім анықталды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішкен 4 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Құқықбұзушылыққа бейім 46 жасөспірім және 36 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынды.

Жасөспірімдер

Жасөспірімдер

Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №7 мектеп-гимназиясында жергілікті полиция қызметінің бастығының ұйытқы болуымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті.

Жасөспірімдер

Жасөспірімдер

Бұл жиынға жасөспірімдермен жұмыс тобының инеспекторлары, мектеп инспекторлары, білім беру органдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Жасөспірімдер