Прокурорлар халықты алаяқтардан сақ болуға шақырады

680
Прокурорлар халықты алаяқтардан сақ болуға шақырады

Оңтүстіктің прокурорлары халықты алаяқтар мен қалта ұрыларынан сақ болуға шақырады. Құзырлы орган өкілдері қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінің алдында тұрып, келген-кеткен тұрғындарды ескертумен болды.

Прокурорлар халықты алаяқтардан сақ болуға шақырады

Осы мақсатта облыстық прокуратура қызметкерлері арнайы буклет жасап, ақпараттық қағаздар шығарды. Онда алаяқтықтың кең тараған түрі мен қалта ұрыларының әрекеттері жазылған.

Прокурорлар халықты алаяқтардан сақ болуға шақырады

Прокуратура өкілдері соңғы уақытта Оңтүстікте алаяқтық пен ұрлықтың көбейгенін айтады. Сондай келеңсіздіктің алдын алу үшін осындай іс-шаралар қолға алынуда.

Айта кету керек, қала тұрғындары құзырлы орган өкілдерінің бұл қадамын құптап отыр. Олар қарапайым халықты сақтандырудың артық болмайтынын айтады.