Сайрамдықтарға 10 миллион теңге шығын келтірген ұрылар ұсталды

229
Мал ұрлығы
Қолға түскендер

Оңтүстіктің полицейлері мал ұрлығын кәсіп еткен қылмысты топты ұстады. Олар мал ұрлаумен айналысып келген. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сайрам аудандың тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру барысында ұзақ уақыттан бері жергілікті тұрғындардың малын ұрлап келген топ ұсталды. Оның құрамында 5 адам болған.

Мал ұрлығы
Қолға түскендер

Ең ересегі 37-де болса, ең жасы – 22-де. Барлығы да жергілікті тұрғындар. Тергеушілер күдіктілердің кемінде 13 мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Шаруаларға келген шығынның көлемі 10 миллион теңгеге жуық.

Мал ұрлығы
Мал иесі ұрылардың кірген жерін көрсетуде

Қылмысты топтың мүшелері көбінесе бағулы тұрған ірі қараны Сайрам ауданы тұрғындарының ауласынан және қорасынан айдап әкетіп, жергілікті базарда арзанға сатып отырған. Кейбір кезде малды сойып, етін арзанға сатқан.

Қазір ұсталғандардың үстінен қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) қылмысты іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, айғақ заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.