Шымкент тұрғыны алаяқтыққа қатысты күдікпен ұсталды

211
Алаяқ
Күдікті азамат

Шымкент қаласының полицейлері 30 жастағы алаяқты қолға түсірді. Оның құрбаны болғандардың бірі, 31 жастағы азамат полицияға шағымданған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті жәбірленушіні жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мың теңге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға келеді.

Алаяқ
Күдікті азамат

Осы арыздарға байланысты Шымкенттегі Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын бастайды. Соның нәтижесінде 1986 жылы туылған қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

Тергеушілердің мәліметінше, адамдардың сеніміне кірген алаяқа түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да уәделер беріп, 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған. Қазір осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған орай полиция қызметкерлері ескертеді. Егер сіз осы адамның құрығына түсіп қалсаңыз, Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі, №110 үйде орналасқан Еңбекші полиция бөліміне немесе 102 телефонына хабарласуыңызға болады.

Бұған қоса тәртіп сақшылары танымайтын адамға жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маңызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.