Шымкентте бірқатар көшелер жабылады

245
Көшелер

Шымкентте бірқатар көшелердегі көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шара, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Көшелер

«Шымкент қаласының бас жоспарына және көлік инфроқұрылымын дамыту жоспарына сәйкес бүгінгі таңда қаладағы Қожанов көшесін (Темірлан тасжолынан Қазиев көшесіне дейін) қайта құру жұмыстары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Сонымен, көшелерді жабу кестесі:

Қожанов көшесін (К. Аврора көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігі) 2016 жылдың 1 наурызынан 15 маусымға дейін;

Қожанов көшесін (Б. Момышұлы көшесінен М.Аманқұлов көшесіне дейінгі бөлігі) 2016 жылдың 16 маусымынан 15 тамызға дейін;

Қожанов көшесін (М. Аманқұлов  көшесінен Қазиев көшесіне дейінгі бөлігі) 2016 жылдың 16 тамызынан 31 қазанға дейін уақытша жабылады.