//
Жол апаты Оқыс оқиға 

Шымкентте ірі жол апаты болды

10 ақпаннан 11-не қараған түні Шымкентте кезекті жол апаты тіркелді. Келеңсіз жағдай Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында болған.

Жол апаты

Мұндай Опель және Мерседес көліктері соғысып қалды. Куәлердің айтуынша, Опель Қонаев даңғылымен келе жатып, қиылыстан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. Осы уақытта даңғылдың бойымен қарсы беттен келген Мерседес Желтоқсан көшесіне бұрылып кетпек болыпты.

Жол апаты

Соның салдарынан екі көлік қиылыстың қақа ортасында соғысып қалды. Жол апатының кесірінен Мерседес көлігінің жүргізушісіне жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегі қажет болды. Ал Опельдің жүргізушісі мен жолаушыларды қауіпсіздік жастығы ауыр жарақаттан сақтап қалған.

Жол апаты

Жарақат алған Мерседес жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер жол апатының себеп-салдарын тексеріп жатыр.

Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Жол апаты

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz