Шымкенттің көшелерін квадрокоптер бақылайды

197

Енді Шымкенттің көшелеріндегі тәртіпті квадрокоптермен бақылауға болады. Бұл — қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметінің бірігіп қолға алған пилотты жобасы.

квадрокоптер

Жауапты мамандар қала көшелеріндегі тәртіп пен жол қозғалысы жағдайын бейнекамерамен жабдықталған пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен бақылап отырмақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oyKfexvjrVk[/youtube]

Жоба авторларының ойынша, бұл жаңалық көшедегі жалпы тәртіпке оң әсерін тигізуі тиіс. Квадрокоптердің көмегімен тыйым салынған жерге қойылған көліктерді, ұрланған көлік құралдарын анықтап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды реттеуге болады.