Спиртке уланған баланың анасы: «Ұлым ес-түссіз жатқан жоқ»

309

Шымкентте абайсызда арақ ішіп қойып, аурухана төсегіне танылған 4 жасар бала бірнеше күн бойы ес-түссіз жатты деген ақпарат жалған. Бұл туралы зардап шеккен бүлдіршіннің анасы мәлімдеді.

улану, жедел жәрдемДегенмен, 37 жастағы келіншек біздің редакциямыздың тілшілерімен кездесуден бас тартып, телефон арқылы болған жайтты бастан-аяқ баяндап берді. Оның айтуынша, баланың жас ағзасына кері әсер еткен арақ тоңазытқыштан емес, дәрі қорабынан алынған.

Анасының айтуынша, ұлы этил спиртінің құтысындағы ішімдікті су деп ойлап, жартылай ішіп қойған. Осы сәттерде үйіне келіп қалған анасы дереу жедел жәрдем шақырып, бригада мүшелері асқазанын ауырсынған бүлдіршінді токсикология бөлімшесіне жеткізеді.

Еске сала кетейік, аталған жағдай 14 ақпан күні кешке таяу болған. Үйде екеуі қалған баланың жасы кішісі ойнап жүріп, спиртті ішіп қойыпты.

Жансақтау бөлімшесіне жатқызылған бүлдіршін өзін жақсы сезінгендіктен, ертеңіне ауруханадан анасының алып кетуіне рұқсат берілді.

Бір қызығы, бұл жағдайға қатысты токсикология бөлімінің дәрігерлері түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартты.