Студенттермен баға «саудаласқан» колледж басшылығы жұмыстан шығарылды

342
Ақша талап еткен мұғалім

Оңтүстікте оқытушысы студенттермен баға жөнінде «саудаласқан» колледждің басшылары жұмыстан шығарылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің өкілдері Тенгриньюс ақпараттың порталына хабарлаған.

Ақша талап еткен мұғалімБұл жағдай Түлкібас ауданындағы агробизнес және турзим колледжінде 2016 жылы болған. Оқу орнының мұғалімі Нұржамал Жанбосынова Қазақстанның еңбек кодексінің 52-бабына сай 11 ақпан күні жұмыстан шығарылған. Бұдан кейін колледжге облыстық білім басқармасынан комиссия келіп, тексереді.

Осы комиссияның шешіміне сәйкес колледж директоры міндетін атқарушы Бақыт Дәулетов, бөлім меңгерушілері Ж.Қилыбаева мен Т.Бектұров жұмыстан шығарылды. Бұған қоса бөлім меңгерушілері К.Сейітжаппарова мен З.Уразбаевға еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес қатаң ескерту жасалған.