Тоқтар Төлешевтің ісі – құпия

249
Тоқтар Төлешев

Тоқтар Төлешевтің ісін тергеу барысы құпия жүреді. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері хабарлады деп жазады Today.kz.

Тоқтар Төлешев– 2016 жылдың 11 ақпаны күні ведомства аралық шұғыл-тергеу тобының жетекшісі А.Кузековтың үкімімен бұл қылмысты іске құпия деген гриф қойылды. Қазақстан Республикасының қылмысты процессуалдық кодексінің 47-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, мемлекеттік құпия мәліметтер бар қылмысты процеске қатысушыларды жіберу мемлекеттік құпиялық жөніндегі заңдармен анықталады. Мұндай жағдайда қылмысты іске қатысты мәліметтерді беру-таратуға болмайды» делінген Бас прокуратураның жауабында.

Бұған дейін сот Тоқтар Төлешевті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Кәсіпкердің адвокаты Евгений Яворский Төлешовке қылмысты кодекстің есірткіге байланысты 297 және қылмысты топты қаржыландыруға қатысты 266-баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеді.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Оның тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және әлдебір әдебиет табылып, тәркіленген.