//
туберкулезді тексеру Жаңалықтар 

Құрт аурына қарсы ашық есік күні өтті

24 наурыз – дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осыған байланысты қалалық туберкулезге қарсы диспансерде ашық есік күні өтті. Денсаулық мекемесіне келген кез-келген тұрғын жолдамасыз тегін тексеруден өтті. 

туберкулезді тексеруТуберкулез емделетін дерт дейді дәрігерлер. Бірақ ол үшін науқас емін үзбей қабылдауы шарт. Өйткені құрт ауруын емдеудің бір курсына кемінде екі жылдай уақыт қажет. Науқастардың үздіксіз емін жалғастыру үшін биыл жәрдемақы тағайындалған.

Яғни, туберкулез аурына шалдыққан азамат тұрақты түрде ем қабылдаса, бұл үшін мемлекеттен қаржылай көмек алады. Дегенмен, ол диспансерде аттап шықпау керек дегенді білдірмейді.

Полат Бердалиев, қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері: “Жәрдемақы төлеудің өзіндік тәртібі бар. Ол үшін науқас күнделікті жергілікті емханасы немесе  жақын жерде орналасқан амбулаторияға барып, медициналық емін қабылдауы тиіс. Күнделікті емдік жұмыстарын медицина мамандары белгіліп отырады. Бұл жаңа өзгерістің арқасында туберкулез ауруына шалдыққандардың санын азайтуға болады деп есептеймін.”

Мұндай әлеуметтік көмектің арқасында станционарда жатып, ем қабылдайтын азаматтардың қатары азаймақ. Демек, құрт ауруына қарсы емдік жұмыстары күшейтіліп, дертке шалдыққан науқастардың саны кемуі мүмкін дейді дәрігерлер. Дегенмен, мұның нәтижесін алдағы уақыт көрсететін болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz