Қошқар ата өзенін ластау тыйылар емес

2000 жылдық тарихы бар Қошқар ата өзеніндегі жағдай мәз емес. Өзенді ластау тыйылмай тұр. Жағалауда жайғасқан тұрғындар шайынды суларын арнаға ағызады.

Қошқар ата өзенін ластау тыйылар емес

13 гектар алқаптың тазалығына жауапты Дендрарий саябағының мамандары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тіпті, жыл сайын үндеу парақтарын да таратқан. Бірақ одан шыққан нәтиже жоқ.

Өкініштісі сол, шаһардағы сансыз құзырлы мекеме қызметкерлері де бұған бас ауыртқысы келмейді деп қынжылады Қошқар ата бөлімшесінің шебері. Оның айтуынша, бұл жағдайды қала әкімінің өзі жіті қадағалауына алмай, мұнтаздай тазалыққа қол жеткізу мүмкін емес.

Пікір қалдыру

2 пікір - "Қошқар ата өзенін ластау тыйылар емес"

Маған хабар беру:
777
Кезінде қала әкімі болған Өмірзақ Әмет осы өзен бойын толығымен үйлер мен басқа да мекемелерден босатып үлкен ұлттық парк жасамақ болған еді. Чапаевка мен «Старый городты» да сүріп тастап, орнына заман талабына сай келетін 16 қабатты үйлер салмақ болған. Жер астымен өтетін көше қиылыстары, орталық парк пен темір жолдардың да үстімен өтетін эстакада жолдар да жоспарда тұрған болатын. Өкінішке орай жаңалық пен өзгеріске жаны қас кертартпа, жемқорлыққа белшесінен батқан арам билік оны 6 айдан соң алып тастады. Корея мен Германиядан келген инвесторлар бұл іске дайын тұр еді. Коммуникация мен жерді рәсімдеп бермек болған қала әкімі инвесторлар есебінен салынған үйлердің 20… Ары қарай оқу »

пайызын бөлдіріп, бұл пәтерлермен ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған қала тұрғындарын қамтамасыз ету әкімнің жоспарында тұрған еді. Жердің астын үстімен қоса сатқан, шырылдатып жетім сатқан, азғындыққа белшесінен батқан билікке текті, іскер, білікті азаматтар мен шындық керек емес екені қазір белгілі болған. Қой бағуға жарамағандар ел баққасын не оңсын?!

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР