Әділет басқармасында ашық есік күні өтті

Абай аудандық әділет басқармасында ашық есік күні өтті. Бүгін түске дейін тұрғындар өзін мазалаған мәселе бойынша заң тұрғысында кеңес алды. Шараға әділет басқармасының мамандары, адвокаттар, криминалист сарапшылар, жер қатынастары мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Әділет басқармасында ашық есік күні өттіТұрғындар, әсіресе, мүлікті жекешелендіру және оны тіркеу турасындағы сауалдарын үйіп-төкті. Мамандар бүгіндікке 20 адамды қабылдауды жоспарлаған. Тоқсан сайын өтетін ашық есік күнінің мақсаты — халықтың заң тұрғысында сауаттылығын арттыру. Сондықтан түрлі сұрақтар бойынша Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі №12 үйде орналасқан әділет басқармасына жүгінуге болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР