Қазақстанның бас мүфтиі Оңтүстікте дәріс оқыды

372
Қазақстанның бас мүфтиі Оңтүстікте дәріс оқыды

Шымкенттегі облыстық орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Ғұламалар кеңесінің» кезекті мәжілісі өтті. Еліміздегі «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында өткен үш күндік семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, кеңес жетекшісі, бас мүфти Ержан қажы Маямеров арнайы қатысып, аймақтағы имамдарға дәріс берді.

Қазақстанның бас мүфтиі Оңтүстікте дәріс оқыды

Бұған қоса семинарға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ғұламалар кеңесінің мүшелері, республикадағы медреселердің ұстаздары мен облыстағы 800-ден астам мешіттің имамдары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның бас мүфтиі Оңтүстікте дәріс оқыды

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз алып, өңірдегі дін саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, оқу-ағарту бағытында қолға алынған жоспарлармен бөлісті. Өз кезегінде бас мүфти өңірде ислам мәдениетін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, жергілікті имам-молдаларға сіңіріп отырған еңбектері үшін алғыс айтты.

Ержан қажы Малғажыұлы
Ержан қажы Малғажыұлы

– Расында біздің тарихымыздан алатын өнеге, ғибрат мол. Кешегі қазақ хандығы тұсында да дін қайраткерлері халықтың имандылығы, бірлігі мен игілігі жолында қызмет етіп, қоғамда ықпалды тұлғаларға айналды,-деді Ержан қажы Малғажыұлы. – Кешегі діндар бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы – ол сіздер мен біз. Бүгінгі семинарда сіздерге ғалымдарымыз пайдалы дәріс жүргізеді. Семинардан алған сабақты жамағатқа жеткізіп, уағыз-насихат жұмыстарында да тарихтан тағылым алуға шақырыңыздар. Өйткені, жамағаттың діни және зайырлы білімін арттыру – баршамызға жүктелген асыл міндет.

 

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Ержан қажы Малғажыұлы бастаған «Ғұламалар кеңесі» өңір басшысы Берік Атамқұловпен кездесіп, орталық мешіттің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Қазақстанның бас мүфтиі Оңтүстікте дәріс оқыды