Бәйдібекте 15 жасар қыз жоғалды

696
Эркинова Нодира

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Нодира Эркинованы іздестіруде. 2016 жылдың 1 наурызы күні Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елдімекенінің тұрғыны аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. Ол азамат қызы, 2000 жылдың 6 қыркүйегі күні туған Эркинова Нодира Давронбекқызының жоғалып кеткенін айтқан.

Эркинова Нодира

Жасөспірім қыз 1 наурыз күні таңғы сағат 8 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Эркинова Нодира
Эркинова Нодира

Нодираның белгілері: бойы 150-155 см, арықша денелі, шашы иығына түсетін сары түсті, көзі қоңыр, қыр мұрынды.

Үстіне киген киімдері: қоңыр түсті, ұзын былғары күртеше, қара-көк түсті вильвет спорт костюмі, аяғында қара түсті кеды, басында қызыл түсті кепкасы болған.

Егер кімде кім Нодира Эркинованы көрген болса немесе нақты мәлімет білсе, 8 (725) 48-2-10-76, 8 (725) 48-2-19-02 және 8 (725) 48-2-11-02 немесе 102  телефондарына хабарласуын сұранамыз.