Дендросаябақ маңында жол апаты болды

206
Жол апаты

Шымкентте кезекті жол апаты тіркелді. Дендросаябақтың алдында Мерседес және Ниссан көліктері соғысып қалған.

Жол апаты

Бұл жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9 шамасында орын алды. Бәйдібек би даңғылының алдында Мерседес-Бенц және Ниссан-Алмера көліктері соғысып қалды. Ниссан көлігі күзет агенттігіне тиесілі.

Жол апаты

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктер айналып кетіп, жолдың шетіне шығып кетті. Мерседес жарықшамының бағанасын соқса, Ниссан жаяу жүргіншілер жолынан өтіп барып, қоршауды соққан күйі тоқтады.

Жол апаты

Екі көлік те бір бағытта, Бәйдібек би даңғылы бойымен қала орталығына қарай келе жатқан. Мерседес көлігі жүргізушісінің айтуынша, Ниссан көлігінің жүргізушісі оны тиісті емес жақтан басып озбақ болыпты.

Жол апаты

Жол апаты

Соның салдарынан екі көлік соғысып қалады. Екі тарап бір-бірімен келісе алмағандықтан, оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Абырой болғанда жол апатынан адамдар ауыр жарақат алған жоқ.

Жол апаты