//
Күлкі жәрмеңкесі шақырады Жаңалықтар 

Күлкі жәрмеңкесі шақырады

Оңтүстік Қазақстанда 1 сәуір – халықаралық күлкі күні мерекесіне орай облыстық «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалі өтеді. Көңілді іс-шараны облыстық мәдениет басқармасы мен әзіл-сықақ және сатира театры бірге ұйымдастырып отыр.

Күлкі жәрмеңкесі шақырады

Күлкі жәрмеңкесінің басты мақсаты – еліміздегі Отанды сүюге тәрбиелейтін шығармалардың театр репертуарынан орын алуына ықпал етіп, әзіл-сықақ театрлары мен сатира саңлақтарының тығыз қарым-қатынаста жұмыс арқылы театр өнерін байыту. Ұйымдастырушылар жас талант иелерін анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсетуді де көздеп отыр, деп хабарлайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Фестивальге облыстағы жоғары оқу орындары мен продюсерлік орталықтардан және аудан, қалалардан таңдалып алынған үздік 20 әзіл-сықақшы жолдама алды. Олар 30 наурыз күні сағат 10:00-де облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында өтетін іріктеу кезеңінде бақ сынайтын болады.

Фестиваль қорытындысы 1 сәуір күні сағат 19:00-де облыстық орыс драма театрында жария етіледі. Онда республикамызға танымал «Шымкент шоу», «Шаншар», «Күлкі базар», «ОҚО» әзіл-сықақ театрлары өнер көрсетсе, іріктеуден өткен үздік әзілқойлар марапатталып, өз өнерлерін ұсынатын болады.

Ендеше, баршаңызды күлкі жәрмеңкесіне шақырамыз! Байланыс телефондары: 8 (7252) 92-11-52, 92-11-53

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz