Кәсіпкерлерге арналған алғаш бизнес-порталы ашылады

Оңтүстікте алғаш рет кәсіпкерлер үшін бірегей бизнес-портал ашылады. Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тауар өндірушілер мен түрлі салада кәсібін дөңгелететін кәсіпорындардың ondiris.kz вэб-каталогын іске қоспақ.

Кәсіпкерлерге арналған алғаш бизнес-порталы ашылады

Бизнес анықтамалық бойынша әрбір кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы өзіне қажетті ақпар мен тауар өндіруші, сатып алушы, клиенттер мен инвесторлар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар аясында контрагент таба алады. Бұл интернет алаңның бірегейлігі сол, қолданушылардың өздері жеке компаниясы туралы каталогқа мағлұмат салуына (тарихы, қызмет түрі, азық-түлік, баға және серіктестік саясаты), жаңалықтары мен баспасөз хабарламаларын орналастыруына мүмкіндігі бар. Және бұл қызметтердің барлығы да қолданушы үшін тегін.

Сайттың мәтіндік редакторы жаңалықтарын өңдеп, компания туралы сипаттаманы беріп қана қоймай, іздеу жүйелерінде компанияның тез табылуына мүмкіндік береді. Аталған еліміздегі бірегей жоба жұмысын алдағы уақытта бастайтын болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР