«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

783
«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

26 наурыз күні Оңтүстікте өткен «Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы мәресіне жетті. Байқаудың бас бәйгесін шымкенттік Өсербай Бөріханов жеңіп алса, бірінші орынды Сарыағаш ауданынан келген Дарханбек Айсұлтанов иемденді.

«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

Екінші орынға Қазғұрт тумасы Сәкен Шаумаров Созақтан келген Мархаббат Бейсенова лайық деп табылды. Ал үшінші орынды шымкенттік Ержан Еркебай, Шардарадан Бақберген Омаров мен және Отырар ауданының намысын қорғаған «Мирас» дуэті өзара бөлісті. Ал мәдениет басқармасының тағайындаған арнайы сыйлығы шымкенттік әнші Асыл Жандәулетке табысталды.

«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

Бұдан бөлек «Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауында композиторлардың да еңбектері атап өтілді. Нақты айтқанда сазгерлерге арналған бас жүлдені Әбіләзім Жаншуақов (Сарыағаш ауданы) иеленді.

Бірінші орыннан Аян Қожанов (Қазығұрт ауданы) көрінсе, екінші орынды Айжігіт Асанов (Шымкент қаласы) пен Бағдат Алтаев (Шымкент қаласы) еншілелі. Ал үшінші орынды Сағынтай Құттыбай (Отырар ауданы), Ескендір Ибрагим (Қазығұрт ауданы), Әкім Мұсақұлов (Шардара ауданы) пен Батырхан Дәуренбеков (Шымкент қаласы) бөлісті.

«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

Ал «Мәңгілік ел» жүлдесі Сұлтанбек Мәжімбековке (Мақтарал ауданы) берілді. «Ең жас композитор» жүлдесін Қанат Жұмабаев (Түркістан қаласы) алды. «Туған ел» марапаты Қазыбек Мыңжанға (Созақ ауданы) бұйырды.

Байқаудың мақсаты жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігін оятатын, оларды ұлттық рухта тәрбиелейтін патриоттық әндерді насихаттау және облыстан шыққан композиторлардың патриоттық әндерін халық арасында кеңінен дәріптеу, жас таланттарға қолдау көрсету болды, деп хабарлайды мәдениет басқармасы.

«Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы аяқталды

Өнер сайысына өңіріміздегі 16 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Яғни, аудан-қалалардан келген 36 әнші және 26 жергілікті композиторлар байқаудың 2 кезеңінен өтуі тиіс болды. Бірінші кезеңде үміткерлер республикамызға белгілі композиторлардың, ал екінші кезеңде облыстан шыққан композиторлардың патриоттық тақырыптағы әндерін орындады.