Мас азамат өзі ұрлаған көлікпен жол апатына ұшырады

Сарыағаштың 28 жастағы тұрғыны ұрлап кеткен көлікпен жол апатына ұшырады. 17 наурыз күні кешкі 17:20 шамасында Абай поилция бөліміне Самал-з шағынауданының тұрғыны хабарласып, көмек сұрайды.

Ол азаматтың айтуынша, Мерседес көлігін белгісіз біреу мініп кеткен екен. Арада бірнеше минут өткенде полиция қызметкерлері сипатталған көлікке ұқсас Мерседесті қала көшелерінің бірінен байқап, тексермек болады. Бірақ, жүргізуші тоқтау нұсқауына бағынбай, қаша жөнелген. Сол күні алдынан шыққан Нексия көлігін соғады.

Мас азамат өзі ұрлаған көлікпен жол апатына ұшырады

Соңынан келген полицейлер көлікті басқарып отырған адамды ұстап алды. Ол 28 жастағы Сарыағаш тұрғыны екен. Ал Мерседес сол ұрланған көлік болып шыққан.

Мас азамат өзі ұрлаған көлікпен жол апатына ұшырады

Болған жайтты анықтау үшін полицейлер күдіктіні Абай полиция бөліміне алып барды. Сот сараптамасы нәтижесінде көлік ұрлаған жігіттің орта дәрежеде мас екені анықталды.

Мас азамат өзі ұрлаған көлікпен жол апатына ұшырады

Тергеу барысында ол жолдың шетіне келіп тоқтаған көлікті байқағанын айтты. Иесі дүкенге кіріп кеткенде жүгіріп барып, кілтті тексерген. Жүргізуші дүкенге тез кіріп-шығамын десе керек, кілтті қалдырып кетіпті. Осыны байқаған мас азамат Мерседесті мініп кеткен.

Мас азамат өзі ұрлаған көлікпен жол апатына ұшырады

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 200-бабына сәйкес іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР