//
Жаңалықтар 

“Наурыз – думан” шоу-бағдарламасы сахналанды

“Наурыз – думан”. Өңіріміздегі “Оңтүстік-цирк” ұжымы мен қуыршақ театры және Ы.Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері жұмыла отырып шоу-бағдарлама ұсынды. Жаңа жобаның ерекшелігі сол – ертегілер елі мен ғажайыптар әлемі әз наурыз мерекесін насихаттайды. Онда театрландырылған қойылыммен сырға толы сыйқыр да бар.

"Наурыз - думан" шоу-бағдарламасы сахналанды

Бір қарағанда жылқы, қой, жылан – жан-жануарлар әлемі болып көрінгенімен, мұнда жыл он екі айдың өкілдері жиналған. Жай емес, жаңа жылдың кімге бұйырарын талқыға салып, өзара таласқа түсіп жатыр. Соңында мейірбан, еңбекқорлығымен ерекшеленетін мешін жеңіске жетті. Балалар алдында рөлге енген қуыршақ театрының әртісі алғаш рет цирк сахнасында өнер көрсетудегі әсерімен бөлісті.

"Наурыз - думан" шоу-бағдарламасы сахналанды

"Наурыз - думан" шоу-бағдарламасы сахналанды

Ақберді Мұсақұлов, облыстық қуыршақ театрының әртісі: “Біз театрда тек алдымыздағы көрерменге қарап ойнасақ, мұнда сахна – ортақ, көрермен жан-жақтан көз тігіп отырады, сондықтан баршаға көңіл бөліп рөлге енуіміз қажет. Осы жағы бізге сәл-сәл қиындау болды. Мешіннің рөлін шебер ойнауға тырыстым мейлінше, оның еңбекқорлығы мен адалдығын жеткіздім деп ойлаймын. Енді, көрермен, оның ішінде балалар осы қабілетті меңгереді деген сенімдемін.”

Таңғажайып әлемге тұнған бағдарламаны “Оңтүстік-цирк” мекемесі мен қуыршақ театры және балалар кітапханасы бірлесе қолға алған. Жаңа жоба “Наурыз – думан” деп аталады. Шығармашылық топтың айтуынша, қолға үйретілген аңдар мен, сайқымазақтардың, акробаттар мен биікте өнер көрсеткен өнерпаздардың нөмірін театрмен байланыстыру, кіріктіру оңайға түспепті.

"Аладин" қойылымынан
“Аладин” қойылымынан

"Наурыз - думан" шоу-бағдарламасы сахналанды

Арман Әбдеш, “Наурыз-думан” шоу-бағдарламасының режиссері: “Екі жанрды біріктіру үшін қос мәдени ошақта не бар екенін түгендедік алдымен. Қуыршақ театрында көктем – қыз, яғни, қуыршақ қыз бар, ал цирктегі акробаттар сол қыз – кейіпкер ретінде әуеде ұшсын. Міне, осылай байланыстырдық, керемет болды.”

Мәдениет мекемелері “Наурыз – думан” өнер жобасын кішкентай көрермендеріне ұсыну үшін 1,5 ай бойы дайындалған. Енді шоу-бағдарлама алдағы 4 күн бойы және 22 наурызда “Оңтүстік цирк” мекемесінің сахнасында қайта қойылатын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz