//
Спорт 

Оңтүстік спортшылары жыл басынан бері 600-ден астам медаль ұтып алды

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстіктің жүлде қоржыны екі алтын медальмен толықты.

Өңір саңлақтары, бұдан бөлек, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында 2 күміс және 2 қола медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 күміс медальге ие болды.

Сондай-ақ, өңірде осы уақыт аралығында халықаралық дәрежедегі 5 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 30 спорт шебері, 176 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Айта кету керек, облыс көлемінде спорттың 36 олимпиадалық және 23 олимпиадалық емес түрі дамып келеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz