Оңтүстікте 500 шақырымнан астам жол жөнделеді

Жол жөндеужолБиыл Оңтүстік Қазақстан облысында 110 жол салу жоспарлануда. Осы мақсатта облыс бюджетінен қаржы бөлініп, 513,6 шақырым жол мен 17 ғимаратқа құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар бюджетті тиімді пайдалану үшін концессия жолымен ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың оңтүстік-батыс жаңа айналма жолын салу бойынша жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2015 жылы облыста 69 жол салуға 15,1 млрд теңге қаржы бөлініп, 420,4 шақырым жолдың және 7 жасанды ғимарат салынған. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 19 жол, 1 көпір жөнделіп, 8 жол мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал қала және аудан көлемінде 49 нысанда, яғни, 250 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері пайдалануға берілді.

Айта кететін бір жайт, 2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн теңге үнемделген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР