//
Оңтүстіктің үздік салық төлеушілері марапатталды Жаңалықтар 

Оңтүстіктің үздік салық төлеушілері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысының үздік салық төлеушілері марапатталды. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2015 жылдың қорытынды бойынша өңірдің салық төлеушілері арасында үздіктерін анықтады.

Осы мақсатта құрылған арнайы комиссия мүшелері 9 салық төлеушіні 3 номинация бойынша дипломмен және естелік сувенирімен марапаттады.

Оңтүстіктің үздік салық төлеушілері марапатталды

Атап айтсақ, «Үздік салық төлеуші – шаруа қожалығы» номинациясында 3 салық төлеуші таңдалды: “Нуралыжол-Ж” шаруа қожалығы (Мақтаарал ауданы), “Үміткер” шаруа қожалығы (Отырар ауданы), “Ақбастау” шаруа шаруашылығы (Қазығұрт ауданы).

Оңтүстіктің үздік салық төлеушілері марапатталды

Ал «Үздік салық төлеуші – жеке кәсіпкер» номинациясында “ДК Шакуов Даурентай Айтмырзаұлы (Еңбекші ауданы) және “ДК Рахманкулов Абдумалик Абдурахманұлы” (Сайрам ауданы), “ДК Серманизов Бахытжан Кыпшакбайұлы” (Шардара ауданы) үздік деп анықталды.

«Үздік салық төлеуші – заңды тұлға» номинациясында жеңімпаз болып “Шардара су электр станциясы” АҚ, “Бал Текстиль” ЖШС – «Оңтүстік» АЭА және Кентау қаласындағы “Кентау трансформатор зауыты” АҚ белгіленді.

Семинардың қорытындысы бойынша департамент басшысы А.Үмбетәлиев қатысушыларға алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқаратындарына сенімін білдірді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz