Оңтүстікте бас мүфти бастаған имамдар бас қосты

267
Оңтүстікте бас мүфти бастаған имамдар бас қосты

Былтыр жат ағымдардың жетегінде кете жаздаған 800-ден астам қазақстандық дәстүрлі дініне кері қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Ғұламалар кеңесінде» айтылды.

Оңтүстікте бас мүфти бастаған имамдар бас қосты

«Дін және тарих тағылымы» деп аталған семинарға Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы мен ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров қатысты. Бұдан бөлек, оған 850 ден астам имам шақырылыпты. Бұл маңызды жиын барысында «Жаназа», «Дін мен дәстүр-ІІ» кітабын талқылау және баспаға ұсыну мәселелері қаралды.

Оңтүстікте бас мүфти бастаған имамдар бас қосты

Сонымен қатар, «Діни қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы» құжаты, «Кесене тұрғызудың үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау, «Таблиғи жамағаты» діни экстремистік ұйымына қатысты пәтуасын бекіту сияқты өзекті мәселелер талқыланбақ. Аталған семинар 30-31 наурыз күндері Сайрам ауданында жалғасын табады. Онда діни ағарту мәселелермен қатар облыстың аудандарындағы әр түрлі жөн-жөралғылар қаралады.

Оңтүстікте бас мүфти бастаған имамдар бас қосты