Оңтүстікте соңғы екі айда 2 үшем дүниеге келді

240
Үшем

Оңтүстікте соңғы екі айда 2 үшем дүние есігін ашты. Сондай қуанышты жаңалықтың бірі Шымкентте тіркеліп отыр. Төлебилік азаматтың жары қалада үшемді аман-есен дүниеге алып келді.

Үшем

Қазір Есімовтердің отбасында шат-шадымен той. Бір сәтте көп балалы ана атанған бұл жанұяда бір күнде үш сәби дүниеге келді. Ата-анасы ұлдарын Нұрсұлтан, Ерсұлтан және Бексұлтан деп атаған.

Дәрігерлер шараналар мен олардың анасының да денсаулығы жақсы деп отыр. Енді бірер күнде үйлеріне қайтады.

Бір айта кетерлігі, көп балалы отбасының осы күнге дейін баспанасы жоқ. Дегенмен, ерлі-зайыптылар қой егіз тапса, бір жусан артық шығады дегенге сенеді. Отағасы аудандық әкімдікке көмек сұрап барғанын айтады. Аудан әкіміні көмек беретінін айтып, сәбилер үйлеріне келген соң қонаққа кіріп шығамын деп уәде беріпті. Есімовтар отбасы бұған дейін 2 қызымен туысқан ағасының үйінде күнелтіп жүрген.