Оңтүстікте тек ерлер қатысқан сенбілік өтті

255
сенбілік

Шымкентте тек ерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Көктемнің алғашқы сенбілігінде облыс және қала әкімдері мен департамент, басқарма басшылары да белсене атсалысты. Тазалық шарасына шыққандар орталық саябақта 500 түп ақ қайың, 100 түп қылқан жапырақты көшет отырғызып, тағы 500 дана раушан гүлді екті. Шаһардың барлық демалыс орындарына осындай өскіндер жерсіндірілді.

сенбілік

Таңсәріден саябаққа тек ерлер жиналды. Галстугы мен костюмін тастаған шымкенттік шенеуніктер бұл жолы қара жұмысқа ыңғайланып киініпті. Облыс пен қала әкімдерінен бастап, басқарма, бөлім басшылары белсене іске кірісті.

сенбілік

Сенбілікке жеңін түріп шыққан жастар да баршылық. Мерекеге байланысты тек ерлер ғана тірлікке тартылған. Биылғының алғашқы тазалық шарасына тұңғыш мәрте қатысқан жас студенттер де болды.

сенбілік

сенбілік

сенбілік

Айта кету керек, мұндай сенбілік облыс аумағында, барлық аудандарда өтті.

сенбілік

сенбілік

сенбілік

сенбілік

Мақсат Жақсыбаев