Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

14 наурыз күні Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының залында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық және кеден заңнамаларына, өзге де заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар өтті. Семинарға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, уәкілетті мемлекеттік органдардың, облыстың шағын және орта бизнес өкілдері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты.

Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

Семинарды мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбетәлиев ашып, қатысушыларға заңнамаларға енгізілген өзгерістердің барлығы салықтық және кедендік рәсімдерді оңтайландыруға бағытталғаны жөнінде айтты. Сондай-ақ, 2015 жыл ішінде атқарылған жұмыстың оң нәтижелеріне тоқталып өтті. Департамент басшысының баяндамасынан кейін бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.

Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

Кездесу барысында департамент мамандары Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты қабылдаған бірқатар міндеттемелерінің сақталуы туралы айтты. Олардың бірі — кедендік баж салығының төменгі мөлшемелері бойынша кіргізілетін тауардың Еуразиялық экономикалық одағының басқа мемлекеттеріне экспортталуына жол бермеу.

Сондай-ақ, алып қою тізбесіне енгізілген тауарлар жайлы айтылып, салық төлеушілерге Қазақстанда сату үшін әкелінетін тауарлар, қайта шығару жағдайында тек электронды шот-фактуралар көшірмелерімен ілесіп алып жүретіні туралы ескертілді.

Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

Осы семинар барысында департаменттің қызметкерлері «Мүлікті жария ету туралы» заңға енгізілген өзгерістерге жеке тоқталды, оның ішінде мүлікті жария ету мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғаны аталды. Сондай-ақ, салық төлеушілердің назарына мүлікті жария ету үшін өтінішті ұсыну тәртібі туралы, акцияға қатысушылар үшін жағдай жасау мақсатында департаменттің қалалық және аудандық басқармаларында ақпараттық стенділері бар жеке кабинеттер бөлінгенін туралы жеткізіліп және басқа да мүлікті жариялауға байланысты мәселелер айтылды.

Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

Семинар барысында салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері арасында диалог орнап, олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын проблемалық сұрақтары қарастырылды. Бизнес құрылымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру, кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғаларға тәжірибелік көмек көрсету бойынша және т.б. ұсыныстар айтылды.

Салық жинаушылар мен төлеушілер кездесті

Туындаған сұрақтарға құзырлы мамандар толық жауап берді. Айта кететін жайт, семинар басталғанға дейін және аяқталғаннан соң да салық төлеушілерге театрдың фойесінде департамент мамандары салық төлеушілерге консультативтік көмектерін ұсынды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР