Сарыағаш тұрғыны немересін судан құтқарып, мерт болды

245
Сарыағаш тұрғыны мемересін судан құтқарып, мерт болды

Демалыс күндері өңірімізде оқыс оқиға тіркелді. 21 наурыз күні түскі сағат 15:00 шамасында төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағына суыт хабар түскен. Сарыағаш ауданындағы Келес су арнасына 64 жастағы кісі батып кетіпті. Ол кісі немересінің өміріне араша боламын деп жүріп, салдарынан өзі батып кеткен.

Сарыағаш тұрғыны мемересін судан құтқарып, мерт болды

Құтқару тобының мәліметіне сенсек, оқиға орнына 5 адамнан құралған арнайы жасақ жөнелтілген. Әзірге шұғыл іздестіру шарасы жүріп жатыр. Каналдың ағысы секундына 2 текшеметрге жетеді. Тереңдігі 8 метрге дейін жетеді. Су түбін тексеруге қауқарлы техника жұмылдырылыпты. Айта өтейік, бұл – суға кетуге қатысты жыл басынан бері тіркелген оныншы жағдай. Онда 6 жасөспірім суға кеткен.