Саяжайға әкімдіктің құзыры жүрмей тұр…

Бозарық жұрты жарыққа жарымай, саяжайлықтар сергелдеңге салынып жүр. Электр қуаты қымбаттағанымен қоймай, оған дер кезінде төлем жасай алмағандардың желісі ажыратылып жатыр. Саяжай серіктестігі төрағасының бұл шарасымен келіспегендер әкімдік пен құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздыруда.

Саяжайға әкімдіктің құзыры жүрмей тұр...

Фатима Тілепованың қала іргесіндегі Бозарық-1 саяжайында тұрғанына бес жыл болыпты. Былтырдан бері электр жарығына жарымаған тұрғын саяжай серіктестігі төрайымынан бастап әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Алайда әзірге нәтиже жоқ.

Фатима Тілепова, Бозарық-1 саяжайының тұрғыны: «Алты ай болды — жарықсыз отырмын. Көршілерімізде мотор бар. Бірақ ол қымбат. Өстіп отырмын. Бағбандардың бастығы жарығымды кесіп тастады.»

Саяжай серіктестігінде 150-ге жуық мүше тіркелген. Былтыр бір кВт электр энергиясына тұрғындар 16 теңгеден төлесе, биылдан бастап тариф 4 теңгеге өскен. Бұл міндетті төлем әр айдың 25-не дейін өтелуі тиіс, алайда есеп айырыспағандар жетерлік дейді төрайым.

Валентина Испанова, Саяжай серіктестігінің төрайымы: «Фатима — саяжай серіктестігінің мүшесі емес. 28 қарашада өткен жиналыста ол серіктестіктен шығарылды. Электр жарығына қарызы үшін. Мен үйме-үй жүріп тұрғындарды ескертемін. Уақытылы төлемегендерді электр желісінен ажыратуға мәжбүрмін.»

Әл Фараби ауданына қарасты Бозарық-1 саяжайы енді Қаратау ауданының қарамағына өтті. Әкімдіктегілер электр жарығына қатысты күрделі жағдайға қанық. Алайда мәселені түбегейлі шешіп беруге құзыреті жетпей отыр.

Алтын Бөлтірікова, Қаратау ауданы әкімдігінің өкілі: «Бұрын да бұл проблема болған. Төраға қызметін босатамын деген былтыр. Бірақ, әлі кеткен жоқ. Біз, әкімдік қызметкерлері, саяжай серіктесітігінің жұмысына араласа алмаймыз. Құқығымыз жоқ.»

Сайжай серіктестігінің жарғысы бойынша туындаған мәселелер жалпы жиналыста қаралуы тиіс. Әкімдіктің аумағына қарасты дегені болмаса, әзірге олардың әлегіне араласуға шамасы жетпейді. Сондықтан саяжайлықтардың тағы біраз сергелдеңге түсуіне тура келіп тұр.

Шынар Оразова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР