Шымкентке «TOP GEAR» бағдарламасының түсіру тобы келеді

389
Ғабидулла Әбдірахымов
Шымкент қаласының әкімі - Ғабидулла Әбдірахымов

Шымкентке шетелдік телевизия мамандары келеді. 25 наурыз күні шаһарға BBC телеканалының әйгілі «Top Gear» бағдарламасының түсіру тобы ат басын тіремек.

Ғабидулла Әбдірахымов
Шымкент қаласының әкімі – Ғабидулла Әбдірахымов

Бұл туралы қала әкімі хабарлады. Осынау жаңалықтың Шымкенттің абыройын асқақтата түсеріне сенім білдірген Ғабидолла Әбдірахымов қаланы көркейтуге қатысты өзге де жаңалықтармен бөлісті.

Жоспарға сай, Тұлпар көлі маңынан отбасылық демалыс пен сауық-сайранға арналған үлкен саябақ бой көтереді. Онда биіктігі 50 метрлік алып әткеншек салынады деді қала әкімі. Инвесторлар Тұлпар демалыс аймағына балалар ойнайтын заманауи алаңшаны салуды жоспарлап отыр. Бұл еліміздегі ең үлкен және алғашқы аттракцион болмақ.