Шымкентте Ерлан Пернебековті еске алуға арналған велосайыс өтіп жатыр

Шымкентте көп күндік веложарыс өтіп жатыр. 11 наурыз күні 5 шақырым жолды 104 велошабандоз уақытқа жүріп өтті. Бірінші болып жеткен спортшы көшбасшының сары жейдесіне ие болды.

веложарыс

Оңтүстікте мұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың шараны дәстүрлі турнирге айналдыру мақсаты да бар. Көп күндік веложарыс Ерлан Пернебековты еске алуға арналып өткізілуде.

Ерлан ПернебековЕске сала кетейік, Ерлан Пернебеков — Шымкент велоспорт мектебінің түлегі. 2013 жылы ол топтық жарыс түрі бойынша Азия чемпионы атанған. 2014 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының және Astana Continental Team кәсіби вело клубының сапына алынады.

Ерлан Пернебековті еске алуға арналған шара аясында бірнеше көше уақытша жабылатынын да ескеріңіз. Бүгінгі жарыста 5 шақырымды Сұлтан Миралиев өзгелерден бірінші болып жетіп, көшбасшының жейдесіне ие болды. Салаға жауаптылардың айтуынша, бүгін көлік жүргізушілер Арғынбеков көшесінен айналып өтуге мәжбүр болыпты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР