Шымкентте көне мереке қайта жаңғырды

Шымкентте көне мейрам қайта жаңғырды. Өткен ғасырларда тойланған көктем мерекесі қалада қайта жалғасын тапты. «Сейіл Қошқар ата» деп аталған мейрам қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандырып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпын кеңінен насихаттауға жол ашты. Киелі қошқар ата өзені бойында аталып өткен мейрам аясында ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтіп, асыл тұқымды қошқарлар мен қойлар көрмесі ұйымдастырылды.

Шымкентте көне мереке қайта жаңғырды

Қошқар ата өзені бойындағы дүркіреген той бір қарағанда Наурыз мерекесіне ұқсайды. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Сейіл Қошқар ата көктем мерекесі немесе асыл тұқымды қошқар мейрамының тарихы тереңде. Қыстан шыққан ағайын қыстаудан оралап, өзен бойына қоныстанып болған соң мал-жанның аман-саулығын тілей отырып, қошқарды құрбандыққа шалған. Қошқар ата өзенінің бастауында пайда болған бұл мереке тек Шымкентке ғана тән. Бұл туралы өткен ғасырдың зерттеушісі Александр Добросмыслов өзінің зерттеулерінде жазған екен.

Сейіл Қошқар ата мерекесін жаңғырту қаланың ерекшелігін елге паш етеді. Сондай-ақ, қаланың қақ ортасын жарып өтетін өзенге деген құрметті өсіреді. Емдік қасиетке ие суын татып көркендер елге қайта оралады, Шымкентке деген құрметі артады деген сенім бар. Осыны ескерген ұйымдастырушылар өзен басына барша қауымды жинап, ескі мейрамды қайта жаңғыртты.

Шымкентте көне мереке қайта жаңғырды

Қойлар мен қошқарлар көрмесі

Көпшілік үшін таңсық мейрам барысында асыл тұқымды қошқарлардың байқау өтті. Бір өзі бес қойдың етін беретін қошқарларға қызығушылық танытқандар көп болды. Байқауға 12 шаруа қожалығы қатысқанымен, қошқардың 2 түрі ғана көпшілік назарына ұсынылыпты. Бірі — 90-жылдары Ордабасы ауданында будандастырылған қошқар.

Қошқарлар бір-бірімен мүйіз сүзістірмесе де бабы келіскендері байқаудың арнайы дайындаған сыйлығына лайықты деп танылды. Оларды күтіп баптап, асыл тұқымды уақ малды асырап отырған шаруа қожалығы иелеріне құрмет көрсетілді. Байқаудың бірінші орнын Қазығұрт ауданындағы «Сералы» шаруа қожалығының иесі Бауыржан Оразалиев жеңіп алды.

Шымкентте көне мереке қайта жаңғырды

Көрме жеңімпаздары

Жүз келілік қошқарды көтерген палуандар да мерекенің көркін кіргізді. Көрерменнің қошеметіне ие болғандары да көп. Әсіресе, жауырыны қақпақтай жігіттер жиналғандардың таңқалдырды. Бір минутта мойнына салған қошқарды 30 рет көтеріп, күштіліктерін байқатты. Десе де, байқаудан шығып қалып жатқандары да көп болды.

Шымкентте көне мереке қайта жаңғырды

Біржан Қосалиев

Төлебилік Біржан Қосалиев қошқарды өзгелерден көп көтеріп, көзге түсті. Талай байқаудың жүлдесін қанжығасына байлап жүрген палуан бұл жолы да бас жүлдені жұлып алды.

Қайта жаңғырған көктем мерекесі аясында ұлттық ойын түрлерінен де жарыс өтті. Боз кілемде белдескендер қазақша күрестің жеңімпазын анықтады. Тоғыз құмалақ, асық ату, қол күрес, шекем-тас сайыстары өтті. Кір тасын көтергендер де өзара мықтыларын анықтады.

Бұл мереке көпшіліктің көңілінен шықты. Ескіні жаңғыртқан қала әкімдігіне алғыстарын білдірді. Ұлттық ою-өрнегі келіскен көрме ұйымдастырылып, қол-өнер шеберлерінің жәрмеңкесі де көпшілікке паш етілді.

Алғашында шымкенттіктер үшін бейтаныс болған мерекенің мән-мағынасын ұғынғандар ұмыт болған дәстүрді ұлықтаған дәстүр жалғасын тапса деп тарқасты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР