Шымкентте оқу-жаттығу өтті

217
Дабыл сиренасы

Бүгін Шымкентте ескерту дабылы қағылды. Бұл – облыс көлемінде көктемгі уақытта кез келген жағдайға дайындықты пысықтайтын оқу-жаттығулар өтіп жатқанының белгісі.

Дабыл сиренасы

Наурыздың 3-і мен 9-ы аралығында аудан-қала тұрғындары мұндай дабыл сиренасын жиі естуі ғажап емес. Төтенше жағдайлар департаменті тиісті шараларға байланысты дабылға түсіністікпен қарауға шақырады. Алғашқы күні департамент мамандары Қошқар ата өзенінің бойында да шаралар өткізді.