Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды. Банк бөлімшесі Тәуке хан даңғылы бойынан ашылып отыр. Енді ғана қызметін бастаған банк филиалына келушілер көп.

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі мамандарының мәліметінше, бүгінде күнгейлік салымшылардың саны 32 мыңға жетіп жығылыпты. Олардың жинақтаған сомасы қазір 16 миллард теңгені құрап отыр. Қуантарлығы — жыл санап жинақ банкіне келіп, теңгесін төлеп, үй еншілеген тұрғындардың қатары қалыңдауда. Банктің жаңа бөлімшесінің қызметін бастауына да осы жағдай себеп болған.

Айта өтетін ақпар. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі ұсынатын пәтердің әр шаршы метрі 90 мың теңгеге бағаланады. Яғни, салымшы 2 бөлмелі үйді 5 миллион теңгеге сатып алуға мүмкіндігі бар. Ал бір бөлмелі баспана 3 миллион деп бағаланса, 3 бөлмелі үй 7,5 миллион теңгеге ұсынылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР