Шымкенттің тағы бір дүкенінде тегін нан таратылады

397
тегін нан

Шымкентте тағы бір дүкен «Тегін нан» акциясына қосылды. 11-шағынауданындағы «Мадина» дүкенінде мұқтаж жандарға тегін нан беріледі.

тегін нан

Тегін нанды кез келген адам ала алады. Сатушылардың айтуынша, ол үшін ешқандай қжат көрсетудің қажеті жоқ. Дүкен иелері адамдар бұл акцияға түсіністікпен қарап, тегін нанды тек аса мұқтаждар ғана алып жатыр дейді.

Еске салайық, қаңтар айында қаладағы дүкендердің бірі тегін нан таратуды қолға алған болатын. Сайрам және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы дүкен иелері әр жұма күні нанды тегін таратуды бастады.