Шымкенттік жастар да саяси додадан тыс қалмады

286

Шымкенттік жастар да саяси додадан қалыс қалмады. Олар бұл науқанға аса құлшыныспен атсалысуда. Студенттер таңертеңнен бастап өз оқу орындарына келіп, жастардың қамын ойлайтын кандидаттарға дауыс берді.

Шымкенттік жастар да саяси додадан қалыс қалмады

18 жасар Маргарет Усилова биыл алғаш рет өз таңдауын жасау үшін № 94 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді. Мемлекеттің келешегі – жастардың қолында. Сәйкесінше, бүгінгі саяси науқанға немқұрайлық танытуға болмайды. Халық үміт артып кандидаттар әлеуметтің әлеуетін көтеруге мүдделі болуы тиіс. Сол үшін де өзі лайықты деген үміткеріне таңдау жасапты.

Шымкенттік жастар да саяси додадан қалыс қалмады

Шымкенттік жастар да саяси додадан қалыс қалмады
Маргарет Усилова: «Мен биыл алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс беруге келдім. Ел болашағы біздің қолымызда екенін жақсы түсінем. Сондықтан да, мұндай саяси науқанға немқұрайлы қарамай, лайық деп таңдаған кондидатыма дауыс бердім».

№ 94 сайлау учаскесінде жалпы саны 1842 дауыс беруші азамат тіркелген болса, оның 711-і студенттер екен. Ал 105 жас өрен алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған.