//
"Шырайлы Шымкент" республикалық байқауы басталды Жаңалықтар 

“Шырайлы Шымкент” республикалық байқауы басталды

Шымкент талай тілшінің әңгімесіне арқау болмақ. “Жаңа дәуір” қоғамдық бірлестігі “Шырайлы Шымкент” республикалық байқауы басталғанын жариялады. Қалам ұстаған қауымның арасында өтетін айтулы байқауды қалалық ішкі саясат бөлімі қолдап отыр.

"Шырайлы Шымкент" республикалық байқауы басталды

Мұндағы мақсат – Қазақстанның үшінші мегаполисі атанып отырған алып шаһардың абыройын асқақтату, туған қаламыздың жағымды бейнесін қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

"Шырайлы Шымкент" республикалық байқауы басталды

Конкурсқа кез келген тілші және әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер қатыса алады. Жүлде қоры – 1 миллион 300 мың теңге. 1 сәуірден бастап 30 тамызға дейін жүретін байқауда көптің көңілінен шығу үшін бірнеше номинация қарастырылған.

Олар: Үздік баспасөз жарияланымы;

Үздік теле-радиобағдарламасы;

Үздік интернет-БАҚ жарияланымы;

Әлеуметтік желілер мен блогтұғырнамалардағы үздік пост номинациялары.

Айта кету керек, “Үздік баспасөз жарияланымы” номинациясының жеңімпазы республикалық маңызы бар облыстар мен қалалар және ОҚО мен Шымкент қаласындағы БАҚ арасында бөлек-бөлек анықталады.

"Шырайлы Шымкент" республикалық байқауы басталды

Байқауға жіберілетін материалдарда “Неліктен Шымкент қаласына бару керек?” деген негізгі тақырып ашылуы тиіс дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға қатысушының өтінімі мен материалдары ұйымдастырушы тараптың

konkurs-smi2016.shymkent@mail.ru электронды поштасына “Журналистер мен блогерлердің республикалық байқауына” белгісімен жіберілуі қажет.

Әділқазылар алқасы:

  1. Төраға – Айгүл Қапбарова, Қазақстан журналистері одағының ОҚО филиалының төрағасы, “Шымкент келбеті”, “Панорама Шымкента” газеттерінің бас редакторы;
  2. Қанат Қалыбеков, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
  3. Зәуре Оралбаева, “Отырар-TV” медиахолдингінің бас редакторы;
  4. Марина Лимаренко, “Южный Казахстан” газетінің бас редакторы;
  5. Бахтияр Тайжан, “Егемен Қазақстан” газетінің ОҚО бойынша меншікті тілшісі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz