//
марихуана Оқыс оқиға 

Түркістан тағы бір тұрғыны есірткімен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері марихуана сатты деген күдіктіні құрықтады. Наурыз айында ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ішінде марихуана есірткі заты бар 3 дана сіріңке қорабын 10 мың теңгеге сатты деген күдікпен Түркістан қаласының 1962 жылғы тұрғыны ұсталды.

марихуана

Сот-криминалистикалық сараптамасына сай тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 грамды құрайтын марихуана есірткі заты екені анықталды.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz