//
Төбелескен кондукторлар жауапқа тартылады Жаңалықтар 

Төбелескен кондукторлар жауапқа тартылады

Шымкентте төбелескен екі автобустың кондукторлары жауапқа тартылады. Олардың жағаласқан видеосы интернетке тарап кеткен.

Төбелескен кондукторлар жауапқа тартылады

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан түсінік берді.

– Екі автобустың кондукторлары Айдос Ділдәбеков пен Асхат Хаджиевтің арасындағы ерегіс шамамен күндізгі сағат 14:30-да болған. Ал келесі автобустар олар төбелесіп қалды. Қазір барлығы ұсталып, “Бұзақылық” бабы бойынша тергеу-тексеру жалғасуда.

Анық болғаны, төбелескендер – №№74 және 84 бағыттағы автобустың кондукторлары. Куәлердің айтуларынша, №84 бағыттағы автобус екінші автобусқа кедергі келтіріп, жолаушыларды жинап кетуге тырысқан болуы мүмкін.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz