Түлкібастың тұрғындары 6 келі есірткімен ұсталды

178
Түлкібастың тұрғындары 6 келі есірткімен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері марихуана есірткі затын сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түлкібас ауданының жолында «Ваз-21099» маркалы автокөлігін тоқтатылады.

Көліктің ішінде отырған 1963, 1967 және 1981 жылғы жергілікті үш тұрғын есірткі сатумен айналысады деген күдік бар. Шұғыл қызметкерлер автокөлік ішін тексеру кезінде полиэтиленді бумадағы марихуана тектес, жалпы салмағы 500 грамды құрайтын есірткі затын тәркіледі.

Түлкібастың тұрғындары 6 келі есірткімен ұсталды

Осы тексерудің жалғасуы барысында есірткі затын сатты деген күдікпен ұсталғандар бірінің жұбайы, 48 жастағы азаматша ұсталды. Полицейлер бұл күдіктінің үйінен салмағы 5 келіден асатын өсімдікті марихуана тектес есірткі затын тапты.

Түлкібастың тұрғындары 6 келі есірткімен ұсталды

Тергеу барысында күдіктілер көрші Жамбыл облысындағы есірткі затын шығаратын аумақтан шығып, ОҚО Түлкібас ауданына қарай тасымалдағаны анықталды.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297 (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 262-бабымен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қатысу) іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері ОҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымдағы шамамен 16,5 келі есірткі затын, оның ішінде шамамен 160 гр героин есіткі затын тәркіледі.