Top Gear командасы Қазақстанға жете алмай, Лондонға қайтты

Top Gear автошоу командасы «Аэрофлот» әуе компаниясындағы жағдайға байланысты Қазақстанға ұшып келе алмай, Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Қазақстанның қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағановқа сілтеме жасап жазады. Бұл маман шетелдіктердің Қазақстанға ұшып келуі бойынша консультациялық көмек көрсеткен.

Top Gear командасы Қазақстанға жете алмай, Лондонға қайтты

Top Gear бағдарламасының жүргізушілері

— 27 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 24.00-де «Аэрофлоттың» Қазақстанға дейінгі барлық рейстері жабылды, ал Top Gear рейсі сағат 22.50-де, яғни олар үлгеретін болған. «Аэрофлот» Шымкентке дейінгі рейсін орындап үлгереміз деп болжады, бірақ ұлыбританиялақтар бәрібір ұшып шыға алмады. Кейін, әуе кеңістігі ашылғанда рейстер бірден Алматыға бағыттала бастады, бірақ Шымкентке дейінгі рейс жөнелтілмеді, оның 28-і күні орындалатыны айтылды. Маған түсіндіргендері бойынша, жолаушыларға транзиттік аймақта бір тәуліктен артық уақыт болуға тыйым салынған. Сондықтан Top Gear тобы Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Олар қазір Лондонда, — деді Сұрағанов.

Top Gear командасы Қазақстанға жете алмай, Лондонға қайтты

Фото (с) Жамбыл Сұрағанов

Оның айтуынша, енді бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі белгісіз болып тұр. Барлығын продюсерлер шешеді, себебі сапар үшін қосымша қаржы қажет. «Қазір үлкен кеңес болады, ол жерде бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі жөнінде шешім қабылданады. Негізінен, Қазақстанда оларды қарсы алатын адамдар бар» деді Жамбыл Сұрағанов. Оның айтуына қарағанда, барлығы түсірілім тобының Қазақстанға 31 наурызға дейін жетуіне байланысты.

«Түсірілім екі бөлімнен тұрады, біріншісі — көліктерді тесттен өткізу, екіншісі — «Байқоңырда», ол жерде зымыранды ұшыру жоспарланған. Олар үшін бұл шараға қатысу өте маңызды, ал ол 31 наурызда өтеді» деді Сұрағанов.

Айта кетейік, «Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстанға дейінгі тұрақты рейстерін тоқтататынын мәлімдеді, себебі ресейлік тарап ұшуға қажетті рұқсатты алмаған.

Бұған дейін атақты Top Gear бағдарламасының елімізде түсірілетіні туралы хабарланған болатын. Тіпті, түсірілім кезінде пайдаланылатын арнайы автокөлік Түркістанға жеткізіліп те үлгерілді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР