Топ жігіттің отырысы қан-жоса төбелеспен аяқталды

413
Топ жігіттің отырысы қан-жоса төбелеспен аяқталды

Шымкентте бір топ жігіттің көңілді отырысы қан-жоса төбелеспен аяқталды. Бірге ішімдік ішкен жігіттер бірін-бірі аямай сабап тастаған.

Түнгі сағат 2-ден асқанда полицияның жедел басқару орталығына Әлімбетов көшесінің тұрғындары хабарласып, арызданады. Жергілікті тұрғындар осындағы көп қабатты үйдің алдында топ жігіт төбелесіп, шу шығарып жатқанын айтады.

Топ жігіттің отырысы қан-жоса төбелеспен аяқталды

Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полиция экипажы аттанады. Тәртіп сақшылары келген кезде 4 жігіттің өзара төбелесіп жүргенін көріп, ажыратады. Олардың үшеуі қатты таяқ жеген. Бет-аузы қан-қан.

Араларындағы жалғыз қызға да қолдың ұшы тиіп кеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері соққы жегендердің барлығына алғашқы көмек көрсетті. Ал екі жігітті ауруханаға алып кетуге тура келді. Себебі, бірін-бірі танитын жігіттер мас болған соң жұдырықтасып қана қоймай, бір-біріне пышақ ала ұмтылған. Қолдарына іліккен таяқпен сабалаған.

Қазір полицейлер бұзақылардан жауап алу үстінде.