Халықаралық жолдың құрылысы жоспарға сай жүруде

Батыс Европа - Батыс Қытай көлік дәлізінің Оңтүстіктегі бөлігі жазда тапсырыладыБатыс Европа — Батыс Қытай көлік дәлізінің Оңтүстіктегі бөлігі жазда тапсырылады. Бүгінде халықаралық маңызы бар тасжолдың Тұрар Рысқұлов, Ақ биік, Азаттылық, Таз тұмсық, Жас кешу ауылдарындағы жұмыстары аяқталды.

Жолдың ауыл ішіндегі жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Аталмыш учаскеде Қазақстандағы алғашқы туннель де салынуда. Ондағы жұмыстың 69 пайызы аяқталды.

Негізгі жолдың 70 пайыз жұмыстары аяқталса, көпірлердің 90 пайызы салынып біткен. Ал құбырлардың 42 пайызы тәмам болды. Жұмыстарды 2016 жылдың соңына аяқтап, жолды ашу жоспарланып отыр. Қазір облыс аумағындағы жолдың негізгі бөлігі аяқталып, Машат шатқалындағы жұмыстар қалды. Оны 2016 жылдың шілдесінде тапсыру көзделген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР