//

Жұмат Шанин театрында “Бас” қойылымы сахналанды

Төл мерекесінде көремендерін қуантты. Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры күнгейліктер үшін батырлардың ерлігі мен есімін түгендеуге бастайтын қойылымды ұсынды. Драматург Рахымжан Отарбаевтың “Бас” атты еңбегінде Махамбеттің мүрдесі емес, оның бас сүйегі жайында баяндалады.

Көптің алдында допша домалаған дүние – Алаштың арыстаны, ақыны, хас батыры Махамбеттің бас сүйегі. Театр ұжымы тарихты “Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай” деп ұрандатқан, Қазақ ұлдарының намысын биікке көтерген Өтеміс бидің перзенті арқылы түсіндіруге тырысты.

Қойылым желісі бойынша төрткүл дүние Қазақтың ержүрек, құралайды көзге атқан мерген, көмейінен жыр төгілген ұлы Махамбеттің өміржолын зерттемек болады. Оның басынан алған зақымы арқылы көне тарихқа үңілуді көздейді. Соңынан зерттеуші антрополог шетелге қоныс аударады. Миссиясын мүлтіксіз орындаған ғалым бас сүйекті өзінен кейінгі өкілге аманат етіп тапсырады. Сол арада ақынның алтын басы кері қайтарылып, жерленудің орнына қолды болады.

Рахымжан Отарбаевтың “Бас” шығармасын сахналауға өнер ұжымы 1 ай уақыт дайындалды. Еңбектің қоюшы-режисері Қуандық Қасымовтың айтуынша, драмалық қойылымға театр ұжымы түгел жұмылған.


Қуандық Қасымов, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының қоюшы-режиссері: “Менің көзқарасым, автордың ойы, көрерменнің пікірі ортақ шығуы үшін Махамбеттің жырлары қажет болды. Махамбеттің өміржолы болғандықтан, соның жырлары арқылы жеткізу міндеті тұрды алдымда. Оны шебер ұсыну арқылы қойылымды ойдағыдай сахналай алдық деп ойлаймын. Көрерменнің көңіліне әсер етуі үшін де әртістер батыр бабаның жасындай отты өлеңдерін оқыды.”

Қарлығаш Сапарбаева, көрермен: “Театр ұжымының еңбегіне, режиссердің қойған көзқарасына тәнті болдым. Декарациялары да тамаша, спектакльден рух алдым деп айта аламын. Батырдың бас сүйегі арқылы бүгінгі өмірді дөн көрсете алды.”

1235502_1042886035758086_2602979225315719794_n

Спектакльде дүниеқоңыз қоғамның, жастолқынның теріс қадамы, тексіздігі бүкпесіз көрсетілген. Тіпті, батырдың бас сүйегін тапқан топқа қомақты қаржы тағайындалады. Бірақ, көпті алдауға асыққан алаяқтардың әлегі жүзеге асқан жоқ. Соңында батырдың бас сүйегі ақыры табылды. Алаш ұлының рухына Құран бағышталып, арулап жер қойнына тапсырылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz