//
Жаңалықтар 

Жаңа бағдарлама бойынша жылына 2500 шымкенттік баспаналы болады

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды. Енді ғана қызметін бастаған банк филиалына келушілер көп. Қаржы институты мамандарының мәліметінше, бүгінде күнгейлік салымшылардың саны 33 мыңға жуықтапты.

Алмас Исатаев
Алмас Исатаев

Алмас Исатаев ай сайынғы тиісті төлемді өтеу үшін “Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің” жаңа бөлімшесіне келді. Үш баланың әкесі жыл бұрын банктің көмегіне жүгініп, баспаналы болған. Алғашында жас отбасы үй құнының қомақты қаржысын жинақтап, сол арқылы баспанаға қол жеткізген. Енді Алмас ай сайын пәтерінің әрбір шаршы метріне аз-кем теңге төлеп жүр.

Алмас Исатаев, салымшы: “Отбасымызбен 2010 жылдың басынан бастап ақша жинадық, оны “Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне” салып отырдық. Осылайша 2015 жылы баспана алдық, үйлі болғасын оның төлемін еселей төлеп отырдым. Қазір айына 16500 теңге төлеймін. Құдай қаласа, 3 жылдың ішінде толығымен құтылып, 3 бөлмелі үй алу жоспарымда бар”.

“Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” мамандарының мәліметінше, бүгінде күнгейлік салымшылардың саны 33 мыңға жетіп жығылады. Олардың жинақтаған сомасы қазір 16 миллард теңгені құрап отыр. Қуантарлығы сол – жыл санап жинақ банкіне келіп, теңгесін төлеп, үйдің әрбір шаршы метрін еншілеген тұрғындардың қатары қалыңдауда. Банктің жаңа бөлімшесінің қызметін бастауына да осы жағдай себеп болған. Бүгінде жаңа бөлімшеде 4 маман мен ондаған кеңесші жұмыс жасайды. Енді тұтынушылар мұнда жаңа есеп-шот ашып, несие алуы үшін жүгіне алады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ жаңа бөлімшесі

1

Эльмира Рахымова, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ директорының орынбасары: “Салымшыларымыздың назарын аударып, оларға тиімді қызмет түрін ұсыну мақсатында жуырда “Өз үйім” жобасы ашылады. Бағдарлама аясында жылына 2500 пәтер беріледі. Өткен жылы 9 үй (400 пәтер) берілді, оның бесеуі жас отбасыларға арналды”.

Айта өтетін ақпар,”Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің” ұсынатын пәтерлерінің әрбір шаршы метрі әзірге 90 мың теңге тұрады. Яғни, салымшы 2 бөлмелі үйді 5 миллион теңгеге сатып алуға мүмкіндігі бар. Ал бір бөлмелі баспана 3 миллион теңге деп бағаланса, 3 бөлмелі үй 7,5 миллион теңгеге ұсынылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz